Журналист, қоғам белсендісі Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
„Тележүргізуші, қоғам белсендісі Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі – министрліктің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім меңгерушісі болып тағайындалды„ деп жазылды.
Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысында 1977 жылы дүниеге келген.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
„Дарын„ Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Берік Уәли «Еркін сөз», «Дода» сынды қоғамдық-саяси ток шоудың, „Хабар„ арнасындағы „Бетпе-бет„ бағдарламасының жүргізушісі және «Аманат» интеллектуальдық клубының жетекшісі ретінде танымал.
Бұған дейінгі қызметінде ол „Нұр Отан„ партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болған.