Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады, ал вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты.
Үкімет отырысында
Бақытжан Сағынтаев вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялайтынын, ал вице-министр Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты.