Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Белгісіз қырларыңмен бетпе-бет келуден тайсалмау”. Александр Скуртул психотерапевт жұмысы туралы

122

Кейінгі жылдары психологиялық қызметтерге сұраныс артып жатқаны анық. Психологтың қабылдауында болу әдеттегі іске айналып жатса да, психотерапияға жүгінетіндер аз, бірақ бұл қызметке де өз уақытымен құлақ үйрене бастағандай. Осыған байланысты алматылық психолог әрі психоаналитикалық психотерапевт, Еуропалық психоаналитикалық психотерапия конфедерациясы және психоаналитикалық психотерапия қауымдастығының мүшесі Александр Скуртулмен сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Александр, бірден нақтылап алайықшы: сіз психологсыз ба, психотерапевсіз бе, әлде психоаналитиксіз бе?

– Бәрі деуге болар. Беймедициналық психотерапевт болу үшін алдымен жоғары психологиялық білім алу керек, содан кейін таңдалған психотерапия әдісі бойынша оқу бағдарламасын аяқтау керек (оның көлемі жоғары білім беру бағдарламасынан бірнеше есе көп болуы мүмкін). Сондықтан мен әрі психологпын (білім), әрі психотерапевпін (біліктілік бар) және психоаналитикпін (біліктілік әдісі). Дәлірек айтқанда,

Онда қысқаша өз жұмысыңыз туралы айтып берсеңіз: қалай жұмыс істейсіз, қанша пациентіңіз бар, терапияда жүргеніңізге қанша уақыт болды?

– Мен Алматы орталығындағы шағын бизнес-орталықта кабинет жалдаймын. Пациенттерді бетпе-бет қабылдаймын. Сондай-ақ, онлайн форматта қабылдаймын. Бұл санаттар арасындағы үлес – шамамен 50/50. Кейбір әріптестерім толығымен желіде қызмет көрсетуге ойысады, ал кейбіреуі керісінше (көбінесе “ескі мектеп”) тек бетпе-бет жұмыс істейді. Пациенттер саны динамикалық шама деуге болады, бірақ орташа адам саны – 15. Психоаналитикалық психотерапия ұзақ уақытты алады, сондықтан терапия орта есеппен бірнеше жылға созылады. Біреу бір жыл жүреді, біреу үш, біреу одан да көп. Бұл жеке факторларға байланысты. Бұл жағдайда қатаң шектеулер жоқ. Жалпы, біз батыстық дамыған қоғамға жақындап келеміз, мұнда жеке психотерапевт және оның үнемі келуі өмірдің маңызды белгілерінің бірі болып саналады.

– Психотерапияңызға адамдар жиі келе ме?

– Біздің әдісте кем дегенде аптасына бір рет. Әдетте, аптасына неғұрлым көп келсе, соғұрлым қарқынды және тиімді болады, бірақ мұндай формат бәріне бірдей сай келе бермейді. Аптасына 2 рет оңтайлы. Аптасына 3 рет барудан аса маңызды психотерапия басталады, бірақ бұған көп адам аяқ баса бермейді. Оның үстіне қымбатқа түсетіні тағы бар.

– Психотерапияның құны қанша? Қалай есептеледі?

– Бір сессияның құны бойынша есептеледі. Бірақ төлем айына бір рет жасалады. Менің қызметімнің құны – 15-20 мың (нақты сома жеке келісіледі). Оған көптеген шығын кіреді. Өзімізге түсінікті шығындардан бөлек (кабинет, білім беру, кәсіби ұйымдарға мүшелік жарналар), жеке психотерапия мен қадағалау шығындары бар. Бұл жағдайда соңғы екеуінің үлесі біріншісінің үлесінен асады.

– Қалай жұмыс істейсіз? Сессиялар қалай өтеді? Қызығатын оқырманымызға түсіндіре кетсеңіз.

– Көбінесе жұрт психотерапияны өмірлік мәселелердің шешімін табу деп санайды, ал психотерапия – жағдайға жаңа көзқарас қалыптастырудың жолын айтатын, көмектесеті және кеңес беретін адам. Мұның бәрі рационализация дер едім, көбінде әр адам өзіне жақсы ата-ана табуға деген сәби күнгі тілектері болып шығады, бұл шындық емес (дегенмен, мұндай сұранысқа ұсыныс жеткілікті және көптеген білікті психолог дәл осылай жұмыс істейді: кеңес береді, жоғарыдан сөйлейтін позицияны ұстанады және т.б.).

Нағыз психодинамикалық психотерапияның бұған тіпті қатысы жоқ. Біздің психикамыз тым күрделі, көбінесе бейсаналы және оған әсер ету қиын. Жұмыс тікелей емес, түсінікті де бола бермейді. Науқасқа келіп, ойыңа келгенді айта беру, тіпті қаншалықты тыйым салынған, ақымақ, абсурд, оғаш, дөрекілік болып көрінетін сөздің бәрін 50 минутқа созылатын сессия барысында айта беретіндер бар. Бірақ бұл осы сұхбат аясында мінезі өзгере бастайтын процестерді түсіндіру өте қиын. Терапевпен қарым-қатынас пен эмоциялар кейбір нақты шешімдерге, идеяларға, міндеттерге және т. б. қарағанда маңызды деп айта аламын. Мен ешқандай кеңес бермеймін (және іс жүзінде бұл кәсіби ұйымдардың этикалық кодексінде тыйым салынған). Тіпті сұрақтарға да жауап беруім қиын. Мен нақтылау сұрақтарын қоямын, ішкі және сыртқы процестерді түсіндіруді ұсынамын, бірнеше ішкі аналитикалық жұмыс негізінде жауап беремін.

– Психотерапияға дәрілік терапияны қосымша ретінде пайдалануға көзқарасыңызды айтсаңыз.

– Мен клиникалық психолог немесе психотерапевт емеспін, сондықтан диагноз қоюға және психофармакологиялық препараттарды тағайындауға құқығым жоқ. Дәрілік терапия депрессия сияқты шынымен қиын жағдайларда тағайындалады. Бірақ адамдар әдеттегі ангедония немесе апатия белгілері болса да, антидепрессанттар қолданады, осылайша табиғи психологиялық процестерге кедергі келтіріп жатады.

– Пациенттердің ұзақмерзімді әл-ауқатына психотерапияның әсерін қалай бағалайсыз?

– Бұл өте жиі қойылатын сұрақ және неге екені де түсінікті. Былай түсіндірейін: егер адам терапиядан өтуге ынталы болса, үнемі барып, белгісіз қырларыңмен бетпе-бет келуден тайсалмау – мұндай жағдайда жағымды өзгерістер болады. Мұнда қалаған және қол жеткізілген нәтижелерді бағалау мәселесі туындайды. Әркімнің “қалауы” әрқилы, ол шындықтан алыс болуы мүмкін. Терапия процесінде бұл қалаулы да өзгереді және оның емдік әсері де бар. Мысалы, адам мұндай күшті өзгерістерді өзі қаламауы мүмкін, бірақ қоршаған орта тарапынан мәжбүрлеуді сезінеді. Алайда, бұл ойдың өзі де, оған қарсы тұруға деген ниет те бастапқыда қолжетімді болмайды.

Әр жағдайға жекелеп қарау керек. Әрбірінің басын қосып, ортақ сипатын айтар болсақ: адам ынта-жігерімен өзгеруге талпыныс жасаса, онда бұл ісі текке кетпегенін түсінеді. Яғни жұмсаған шығынына өкінбейді. Терапия олардың өмір сапасын едәуір жақсартады – бастысы осы емес пе? Бұл мен үшін ең құнды нәрсе, сондықтан өз басым осы мамандықты таңдадым. Егер адамдарға шынымен көмектесіп жатқанымды сезбесем, онда мен өз мамандығымды әлдеқашан өзгертіп, тіпті бұдан да көп ақша таба алар едім. Бірақ мен үшін ең құндысы – пайдалы болу мен өзін-өзі тану сезімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз