Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Белгісіз біреулер зиратқа апарып екі досты атып өлтірген

26 жастағы Қайырбек Сәбиев – спортшы, ММА бапкері. 3 жыл бапкерлік мансабында балаларын Қырғызстанға, т.б. елдерге жарыстарға апарып жүрген. Артында 24 жастағы келіншегі және 2,5, 1,5 жастағы ұл-қызы қалды.

«Түнде 92 жылғы екі жігіт менің ұлымды және оның екі досын көлікке мінгізіп, қала сыртына алып кеткен. Не үшін, неге тиіскендерін білмеймін, не керек болғанын түсінбедім. Орыс зиратына келіп, далаға шыққанда, оларға тапаншамен оқ жаудырған. Ұлыма, Назарбайға оқ тиген, ал үшінші досы тығылып, қашып үлгерген. Қайырбек ауруханаға жетпей, көз жұмды. Ал Назарбай бір күн комада жатып қайтыс болды, – деді марқұмның анасы.

Сорақысы, оқиға орнында күдіктілер ұсталғанымен, тапанша әлі күнге дейін табылмапты. Енді Бүргеғұлова басты дәлелдің жоғалып кеткеніне алаңдаулы. Сөзінше, сол жерде күдікті оқ атқан соң, біреу тапаншаны алып кетіп, жасырып қойған.

Тергеу әділ өтпеуі мүмкін деген қорқыныштан ана оқиғаны желіде айта бастады, Тоқаевқа үндеу жолдаған. Алайда үндеуден кейін оны 20 тамызда полиция бөлімшесіне шақырып, желіге ештеңе жарияламауды сұраған. Сөздерінше, тергеуге бөгет болады депті.

Екі жігіттің өліміне байланысты полиция департаменті әлі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасалған екі адамды өлтіру» бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлерге 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып ұсталды, барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз