Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Белгілі экстрасенс Алматыда із-түссіз жоғалған қызға қатысты болжам жасады

122

 

Еске сала кетейік, редакциямызға алматылық Назерке Әріптің туыстары хабарласып, бойжеткеннің 2017 жылы 10 шілдеде сағат 13:40-та үйден шығып кеткенін айтып, оның күні бүгінге дейін оралмағанын жеткізген еді. Осыған орай, NUR.KZ тілшісі экстрасенс Жігер Садықовқа хабарласып, алматылық аруға байланысты болжамын білген еді.

«Дәл қазіргі сәтте Назерке дін аман. Оны Алматы қаласының өзінен емес, қала шетіндегі аумақтардан көріп тұрмын. Егер, полицейлер мен еріктілер бар күшін салып іздестіру жұмыстарын жалғастырса, Назеркені тауып қалуы әбден мүмкін», – деді белгілі экстрасенс.

Айта кетейік, Жігер Садықов көпшілікке «Руки помощи» жобасы арқылы танылып, қоғамның түрлі оқиғаларға қатысты өз болжамдарын жасап жүрген танымал көріпкел.

Экстрасенске бұған дейін Бәтес Мұхитдинова, Мадина Балғабаева, Динара Сәтжан, Рано Омарова сынды белгілі отандық жұлдыздар көмекке жүгініп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз