Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Белгілі дәрігер қазақстандықтарға менингит жайлы сақтық шараларын түсіндіріп берді

Оның пікірінше, бұл ауру кезінде екпе қабылдау ең тиімді жол емес.

“Менингококк инфекциясынан екпе алу – ешқандай да мәселені шешпейді. Бұл уақытша жағдай. Өз балаңызды А және С менингококктан сақтайсыз, бірақ В тобындағы менингококктан сақтай алмайсыз. Елдің бірде-бір тұрғыны менингококктың барлық нұқсасынан екпені таба алмайды. Екпе жоқ. Екпе мәселесін ушықтырмауды ұсынамын, оның орнына алдын алудың дұрыс әрі пайдалы әдістерін қолданыңыз”, – дейді Комаровский.

Украиналық балалар дәрігері аналарға баласын екпеге қарағанда тиімді құтқара алатын кеңестерін айтты.

“Екпемен қатар, әдістер толып жатыр, бастысы – алдын алу. Баланы супермаркеттерге, театрларға апарудың қажеті жоқ, жабық орындарда жиналыс өткізбеңіздер. Мектепте адам көп қатысатын жиналыс өткізгіңіз келсек, оны мектеп ауласында жасаңыз. Міндетті түрде бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұрыңыз.

Есіңізде болсын: менингококк өте көп болған, тыныс алу жолдарының шырышты қабығы құрғаған жағдайда ғана жұтқыншақтан қанға өтеді. Ауру өте жақын байланыс кезінде жұғады, бір метр жерден ары ұшпайды. Ауру жұқтыру үшін құшақтасып, сүйісу керек – сонда ғана жұғады. Ауаны тазартып, желдету – кез келген екпеден пайдалы. Әсіресе балабақшаның жатын бөлмесінде жақсылап желдету керек”, – дейді ол.

Оның айтуынша, менингококк жабық орындарда болады, көшеде жұқтыру мүмкін емес, сондықтан алдын алу шарасы ретінде балалар таза ауада болғаны жақсы.

“Посткеңестік кез келген елдің ережесі бойынша жатын бөлмедегі ауа дымқылдығы 40-60 пайыздай болуы керек. Сол ереже бойынша, балалар күніне төрт сағаттай серуендеуі тиіс. Одан кейін жеке заттар – тек өзінікі болып қалуы керек. Сағыз, кәмпит, сорғысы бар шырын, бетперде, шарф – бұл жеке заттар”, – дейді Комаровский.

“Аурудың нақты белгілері болса: тамағыңыз ауырса, ыстығыңыз көтерілсе, басыңыз ауырса – адамдармен көп сөйлеспей, үйде отырыңыз. Жөтеліп, түшкірініп жатқан адамдардың аулақ жүріңіз. Мұғалімдер, жөтеліп, түшкірініп жүретін балаларды балабақшаға кіргізбеңіздер. Екі-үш апта өткенін күту керек”, – деді ол.

Ал екпе, оның айтуынша, көп адаммен байланысқа түспеген бала көп адам жүретін жерге бара жатқанда қажет болады екен.

“Мәселен, балаңыз мектепте оқып жүргенде сыныпта 10-15 бала болды делік. Жасы 15-те делік және ол жазда лагерьге баратын болады, сол жақта ол өзі сияқты 500-дей адаммен байланысқа түседі. Мұндай жағдайда екпе алу орынды”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз