Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Бекзат Саттарханов қолданған заттар ұлттық мұражайға табыс етілді

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайдың айтуынша, аталмыш акцияның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудара отырып, елеусіз жатқан құнды жәдігерлерге қайта жан беріп, өңдеп, келешек ұрпаққа табыстау.

Іс-шараға Файзулла Үрмізов, Генерал Асқаров, Сабыр Рақымов, Әсілхан Оспанұлы, Керімбек Сыздықов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бекзат Саттарханов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлері мен естелік бұйымдарын тарту етті.

Сонымен қатар, қобызшы, қорқыттанушы Мұсабек Жарқынбековтың жалпы саны 90-ға жуық құнды мұрасын ғалымның жары Еркінай Исабаева Ұлттық музейге табыстады. Тарих пен мәдениетке жанашыр қауымның арасында музей ардагерлері Абдолла Жумашев, Мирахмад Мирхалдоров және «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі жазушы Мархабат Байғұт та бар.

Облыстың бірқатар талантты суретші-мүсіншісі де өздерінің таңдамалы туындыларын Ұлттық музейге сыйлады.

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылғы 18 наурызда Астана қаласынан бастау алып, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жалғасын тапты. Ал, Шымкентте өткен акция аясында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 300-ге жуық жәдігер жинақталды», – деп ақпарат таратты ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз