Тележүргізуші Динара Сәтжан жан құрбысы Баян Есентаева мен оның жаңа сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовті қонаққа шақырыпты.
Шай үстінде Сәтжан – Есентаева мен Алагөзовті “жыл жұбы” деп атады. Бұл Баянға ұнап қалса керек, үндеген жоқ. Есесіне Тұрсынғали төмен қарап қалды. Бұл теңеу оған ұнамай қалса керек.
Қонақты шақыруын шақырғанымен дастархан асығыс жайылған сияқты. Сәтжанның анасы арнайы Баян мен Тұрсынғали үшін қазы қосылған вареник әзірлепті.