Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бейтаныс әйелдің телефон қоңырауы мен смс хаттары жүйкеме тиіп бітті

Тіпті, маған қоңырау шалып, байыңды жақсы көремін. Ол да мені сүйеді. Үйіңе қонбаған күні менің қасыма қонады деген сөздерді де елемедім. “Ит үреді, керуен көшеді” деумен өзімді жұбатып жүре бердім. Әйтсе де, іштей қорланып, намыстанатынмын.

Әдемі болуға тырысып, бұрынғыдан да пысық болуға талпындым. Менің жайнап жүргенім енеме ұнамайтын. Ілік іздеп баласына ұрғызғанына мәз еді. Ал мен соның баласын адам қылып, қайтсем де отбасын сақтап қалу үшін тырысып жүргенімді ұқпады. Кысқасы не керек, үйдің де бар шаруасы менің мойнымда. Өзім жұмыс істеймін , бар тапқан табысым енемнің қолына саламын, одан қалды үйде мал көп, айран, сүт, құрт пен майын, ірімшік, қаймағында өзім жасап, сатып, ақшасын енеме әкелемін. Бірақ киім алуға, өз керегімді алуға келгенде үнемі ақша жоқ болатын.

Келін болғаныма он жылдан асса да жөні түзу киім кимедім. Ұрыс болмасын, осы үйге жетсін деп, жоқтан барды киіп, сонда да өзіме қарадым. Олай етпейін десем байым анау, көрінгенмен аты шығып, мені жерге тығып жүр. Жұмыстағы әйелдерден де естимін байың пәлен жерде пәленшемен, түген жерде түгеншемен отыр дегенді. Отырмай қайтсін, малай болып біреу баласын тауып, үйіне қарап тірлігін істеп отырса. Бірақ соңғы жеген таяғымда әбден шаршаған екенмін. Ажырасамын деп кетіп қалдым. Ажыраспаймын деп қанша жүрсе де, артыма қарамадым. Тек балаларым үшін ғана ойланамын. Ал күйеуімді мүлдем жек көріп, тіпті оны көргім келмей кетті. Әйел ретінде сезінуден қалдым. Әттең, тек балаларым ертең “әкемді неге кешірмедіңіз” деп айтпаса, күйеусіз өткен өміріме де үйрендім. Тек балаларымды ойласам ұйқым қашады. Қазір жаңа жұмысқа орналастым. Беделім де жоқ емес. Тек отбасылық өмірім жайлы айтуға намыстанамын. Күйеуім қадірімді білмегеніне налимын.

Дереккөз: Алаш айнасы 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз