Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Баян Мақсатқызы Бақытбек Есентаевпен соңғы рет қалай сөйлескенін айтты

Сондай-ақ, Баян Есентаева бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған соңғы әңгімесі жайлы айтып берді.

“Бұрынғы күйеуіммен болған әңгімені соңғы деп санамаймын, себебі біз бір-бірімізге дұшпан емеспіз. Менің ойымша, сен адекват адам бола тұра, онымен қоса ол адамнан екі балаң бар, балалар онымен телефонмен сөйлесіп тұрады, жағдайын сұрап, барып та тұрады. Меніңше, онымен осылайша қоштаса салу дұрыс емес. Сондықтан да ол біздің соңғы әңгімеміз емес. Біліп отырған шығарсыздар, бұл жеке мәселе (Бақытбекпен не жайында сөйлескеніміз – автор). Сіздерге айтатыным, біз бір-бірімізге балағат сөздер айтқан жоқпыз. Осыған дейін 22 жыл қалай өмір сүрдік, солай онымен сабырға салып сөйлестім”, – дейді Баян Есентаева

Сонымен қатар, Баян Есентаева тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін қоғамдық ұйымның атауын таңдауға көмек көрсетуді ұсынды. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйым тіркеу процесінен өтіп жатыр. Ұйым кітап сатылымынан түскен қаражатқа қаржыландырылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін наурыз айында Тұрсынғали Алагөзов өзінің ажырасуы жайлы айтып берген болатын. “1 ақпанда мен ресми түрде ажырасуға арыз жаздым. Бұрынғы әйелім неке туралы куәлікті бермеді, сондықтан мен ХҚКО-ға барып, неке туралы куәліктің көшірмесін алдым. Осыдан кейін сотқа бардым, ажырасқым келетіні жайлы ресми хат жаздым. Бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Оның үстіне мүлікті де бөлісіп қойдық, балаларымыз кәмелет жасына толған”, – деп мәлімдеген еді Алагөзов.

Ал кейінірек Ляйсира Алагөзованың Тұрсынғали Алагөзовпен ажырасу туралы арызын қайтарып алғаны хабарланған болатын. Соттағылардың айтуынша, бірінші болып ажырасу туралы арызды 1 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтің әйелі Ляйсира Алагөзова берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз