Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Баян Мақсатқызы: Жүрекке әмір жүрмейді, екеумізде де солай болды…

Баян Мақсатқызы Бақытбек Есенбаевтың қыздары үшін жақсы әке болғандығын ерекше атай келіп, заңның аты заң, одан аттап өту мүмкін еместігін жазды.

«Әзірше, өмірімде орын алған бұл жайт қателік пе, білмеймін. Оны уақыт көрсетер.

Жүрекке әмір жүрмейді, оның ақылға көнбейтіні бар, екеумізде де солай болды. Біз өз жазамызды алдық, ол да мен де.

Заң бәріне бірдей. Бірге өткізген 22 жылда әртүрлі жағдай болды жақсысы да, жаманы да болды. Тек оның жақсы әке екендігін нық сеніммен айта аламын.

Маған балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай болмас. Бірақ, оған да шамам жетеді. Мен өзімді құрбандыққа ұшыраған бейшара жан ретінде ешқашан көрсеткен емеспін. Бұл мен үшін жат. Менің бұрынғы жұбайымның тағдыры да осымен түгеспегендігіне де сенімдімін. Ол өте мықты адам. Мен оған тек денсаулық, шыдамдылық тілеймін. Оның алда әлі жақсы өмір құрып кететіндігіне мен сенімдімін.

Мен барлығын да айттым, БАҚ өкілдеріне ендігі уақытта бұл мәселеге байланысты мені мазаламауды сұраймын», – деді Баян Мақсатқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз