Баян Мақсатқызы: «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы түсіріледі (видео)

«Махаббат бекеті» деп аталатын фильмді көрмеген адам кемде-кем шығар. Басты рөлді Баян Мақсатқызы сомдаған кинотуындының жалғасы түсірілгелі жатыр екен. 

Бұл жаңалықтың шет-шағасын өзінің Инстаграмдағы парақшасында Баян Мақсатқызы шым-шымдап жеткізіпті. Өзінің жас кезіндегі сомдаған образының суретін жариялаған продюсер: «Махаббат бекеті» to be continued (ағылшын тілінен аударғанда – жалғасын табады)», – деген жазба қалдырыпты.