Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Баян Алагөзова жуас әрі ішімдік ішпейтін күйеуді армандап жүр

6497
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Танымал әртіс Жан Байжанбаевпен  сәкіде құшақтасып отырып түскен суретін жариялады. Суреттің астына коронавирус тақырыбына қатысты өзіндік пікірін білдірді.

«Шағын ауылда қарапайым ғана өмір сүріп, бау-бақшаға қарап, екі сиыр ұстап, қаймақ пен ірімшік жеп өмір сүрер едім. Жуас, арақ ішпейтін және жұмыс істейтін күйеуім болса болды, өзімді бақытты сезіну үшін басқа не керек? Ештеңе керек болмас еді, бірақ  мен айтқан жақсылықтардан басқа ешнәрсе керек болмайтын шағын аусталиялық ауылда емес, Қазақстанда туылдым. Сондықтан маған бұдан да көп нәрсе керек; жұмыс істейтін үкімет, әділетті президент, дамыған инфрақұрылым, сапалы білім, тегін медицина және қарапайым адамдардың бақыты. Жаңалықты, ютубті қарасам, денсаулық сақтау саласындағы құлдырау, неше түрлі сұмдықтарға толы. «Дамыған Қазақстан» туралы барлық шындық сыртқа шықты. Жылап жатқан әйелдер мен дәрігерлер, ӨЖЖ аппаратынсыз дем алуы қиындаған науқастар, ал телевизордан күн сайын бәрі жақсы деп ертегі айтуда. Жарайсыңдар! Біз ауру жұқтыру жағынан  бірінші орындамыз, не деген бақылау!» — дейді продюсер өз жазбасында

Сондай-ақ Алагөзова біздің халықтың бейқамдығын өз көзімен көргенін де айтты. Құдалық болып жатқан кафеден тамақ ішіуге мәжбүр болған.

«Кеше бізді түсірілім барысында жергілікті кафеде тамақтандырды, ал онда адамдар ешнәрсеге қарамастан ҚҰДАЛЫҚ өткізіп жатыр екен. Міне біз осылай өмір сүрудеміз. Таяқтың екі ұшы бар», — деді продюсер.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз