Баян Алагөзова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы фильм түсіргісі келеді. Осы мақсатта ол краудфандинг жобасын іске қосты, оған кез келген адам ақша аудара алады. Фильм отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты біраз мәселені көтереді. Алагөзова сценарийдің жай-жапсарын толық жарияламады, бірақ бұл фильм теледидардан көрсетілмейді деп атап өтті. Отбасындағы зорлық-зомбылық проблемасы туралы көп айтыла бермейтін елде бұндай фильмді түсіруге екінің бірінің батылы жетпейді деді.
Краундфандинг — бұл өз ақшасын немесе басқа ресурсын ерікті түрде біріктіретін адамдардың ұжымдық ынтымақтастығы. Көбінесе, интернет арқылы басқа адамдарға немесе ұйымдарға қолдау көрсету.