Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Баян Алагөзова: «Талғат Теменов ақша талап етті»

210

Алайда, Теменов бұл істе ұтылды. Баян Алагөзованың мелодрамасы жақында ресми прокатқа шығады. Бірақ режиссер берілмей, жаңа іс қозғауға себеп тапты. Мәдениет министрлігі, продюсер және Shine production ЖШС-не қатысты авторлық құқықты бұзу және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қозғалды.

“Иә, мен келісуге тырыстым. Бірақ қолымнан келмеді, себебі ол адамға ақшадан басқа ештеңе қажет емес. Сценарийді білмей, жалпы картина не туралы екенін білмей жатып мені сотқа берді. Талғат Досымғалиұлы үміттеніп отырған идеяға картинаның еш қатысы жоқ екенін сеніммен айта аламын және соны мәлімдеймін. Бұл басқа оқиға және басқа кино” — деді Баян Алагөзова “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, “Тағдыр станциясы” фильмінің айналасындағы дау 2018 жылдың тамыз айында басталған болатын. Белгілі режиссер Талғат Теменов Баян Алагөзованы авторлық құқықты бұзды деп айыптаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз