Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бауыржан Ибрагимов: “Масқара видеоны көргенде бәрі тоқтамай 2 күн гуілдеді”

326

Мен өзім сол қонақүйдің құрметті қонағымын негізі. Алдын ала брон жасап қойғанбыз. 50 пайыз жеңілдігім бар. Былай ғой, маған Укаринадан бір досым ұшып келді. Ол “Дипломат” деген қонақүйге брон жасап қойыпты.

https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Біз сол қазақбайшылыққа салынып: “Қайдағы брон, менде міне 50 пайыз жеңілдігім бар, сол қонақүйдің құрметті қонағымын” деп әлгіге әбден бөстім.

Сөйтіп оның көзінше звандадым. Телефон тұтқасын Шыңғыс деген бала алды.

Содан оған менің жеңілдігім күшінде ме деп сұрап едім. “Иә, аға” деп жауап берді. Қонақтарыма да жеңілдіктің күші бар ма деп едім. Иә деді. Онда екі дэлюкс нөмір брон жасап қой, біз келеміз” дедім. Біз келген кезде ол бала үйіне кетіп қалған, телефонын өшіріп тастаған. Шикілік сонда болған негізі. Ол ешкімге ештеңе ескертпепті.

Бір уақытта біз келеміз ғой шалқайып. Оның үстіне ана қыз Петропавловскінікі екен, қазақша білмейді дұрыстап. Орысша сөйледі. Кейін қасымдағы айтады ол қыздың өзі конфликтіге алып келді дейді.

Басында жақсы келдіңіз, көңіл-күйіңіз жақсы деді. Бізге нөмір жоқ деген. “Біз қалай жоқ” десек, “Что Вы себе позволяетье, кто Вы такой” дейді ақыры ол. Сәл қызумын, оны жасырмаймын. Абыройымның барлығы төгілді ғой, ана достарымның алдында. Содан көтеріліп кеттім. Менің ол арадағы қателігім, аузымнан жаман сөз шығып кеткені. Күйіп кеткем ғой енді…

Көріп тұр мас екенімді, айтыспай-ақ қойса болады ғой

– Содан жиналыста ана қыздан кешірім сұраған дұрыс десті бәрі. Ұлан: “Бәке осыны ұйымдастырып жіберейік” деді. Сөйтіп гүлімді алдым, келдім. Бірақ мені ол араның директоры шақырып алды. Ол да кешірім сұрады.

“Әлгі Шыңғысты таптық, брон жасаған екенсіздер, қыздар көрмеген, Сіз бұларды сотқа беріңіз, біз оларды жұмыстан шығарамыз” деді.

“Жоқ, сотқа да бермеңдер, жұмыстан да шығармаңдар, болатын іс болды, бірақ ана қызға ескерттім, бұл сырттан өсек айтқанмен бірдей, тығылып тұрып түсірген видеоң дедім. Ұяттау болды деп оны қыз мойындады. Бүкіл Қазақстан екі күн гуілдеді ғой тоқтамай ана видеоны көргенде.

https://kaz.365info.kz/balalarmen-alysyp-ne-boldy-ninety-one-toby-myshesinin-ata-anasy-muzartkha-hat-zholdady-277183

Қызым, қарындастарым бар, ол қызға үлкен басыммен жаман сөз айтқаныма қатты ұялдым. Қыздың өзіне гүлді беріп тұрып соны айттым: “Мен жаман сөзім үшін ұялып кешірім сұрап тұрмын, бірақ ана қылығың үшін емес” дедім.

Қызумын, көріп тұр. Ой, аға деп алдаусыратып жібере салса болады ғой,

бірақ ол отқа май құйғандай шыжғырып жіберді, сөйтіп болатын іс болды”, – дейді үш жыл бұрынғы атышулы видеоға қатысты пікірінде Бауыржан Ибрагимов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз