Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Батыс оқырманы қазақтан ақылды ма?

200

Жазушы ретінде танылған әр қаламгер күн көрістің қамы үшін ешқайда жалданып жұмыс істемейді. Шығармашылықпен айналысып, кітаптарын шығарып та тәуір өмір сүре алады.

Ал, бізде кітап оқылмайды, бөлшек саудада өтпейді. Жазушылар белгілі бір мекемеде жұмыс істеп, болмашы жалақыны місе тұтады. Кітабы үкімет бюджеті есебінен азғана тиражбен басылып шығады. Қаламақы жоққа тән. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабын оқырман тұрмақ әріптес жазушылары да оқымайды. «Оқыдым» деп өтірік мақтай салуы мүмкін.

Сонда, Батыс оқырманы қазақтан ақылды ма? Әлде, жазушылары шектен тыс талантты ма? Қазақ та жаппай сауатты, бәрі хат таниды. Жазушылар одағының қаптаған мүшелері бар, шетінен лауреат, пәлен орденнің иегері, тағы бірдеме. Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді Мәдениет министрлігінің жанындағы данышпан сарапшылар кеңесі сұрыптап ең супер деген кітаптарға ғана батасын беріп, жарыққа шығартады. Данышпандардың бірі әлде бір мықты жазушының аты-жөнін естігенде аллергиясы ұстап қалатын болса, ең мықты кітап та “сараптаудан” өтпей қалады. Ендеше, даналардың батасын алған кітаптары неге оқылмайды?

Гәп баспа орындарында ма деп ойлаймын. Батыс әлемінде мемлекеттік баспа атаулы жоқ, бәрі жекеменшік. Жазушылармен тікелей шарт жасасып кітапты өздері бастырып, таратады, саудаға шығарады. Үкіметтен қаржы да, бата да сұрамайды. Бастапқыда 500 дана басып шығарып жұрттың тамырын басып көреді. Жұрт жабылып, жапа-тармағай оқи бастаса, сұраныс көбейсе ғана топырлатып бастыра береді. Кейін тапсырыс түссе, сұранысқа қарай тағы да баса береді. Осылайша, қысқасы, баспаны да жазушыны да оқырман қауым асырайды. Жазушылар бар өнерін салып, тек жазумен ғана айналысатындықтан шеберліктері де шыңдалады, әл-ауқаттары да артады. Нобель сыйлығын алып, бай-қуатты өмір сүріп жатқандар да солар.

Қазақ жазушысының көрген күні баршамызға мәлім.

Қуандық Шамахай 

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз