Біз Қырғызстанға аймақта демократия жолына түскен жалғыз ел ретінде қараймыз. Бұл туралы Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле Бішкекте “Еуропалық одақ – Қырғыз Республикасы” парламенттік әріптестігі комитетінің ХII отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, тараптар терроризм, ескірткі саудасымен күрес, шекара, сондай-ақ экономикалық даму мәселелерін талқылады. «Қырғызстан Еуропалық одақтың маңызды әріптесі. ЕО оның демократия жолындағы қадамдарын қолдайды және заң үстемдігіне, адам құқықтарының нығаюына, білім беру жүйесіне қолдау көрсетеді», – деді ол.
Қырғызстан Еуроодаққа экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерін, тігін бұйымдарын жеткізіп, еуропалық туристерді республикаға тарта алады.