Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-4
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

“Батырханның батасын алған”. Қазақтың жиен баласы Евровидениеде бақ сынауда (видео)

https://kaz.365info.kz/erekshe-dauys-iesi-khazakhtyn-zhien-balasy-evrovidenie-dodasyna-tyspekshi-260341

Бүгін байқаудың ақтық сынына өту үшін Македония, Мальта, Нидерланды, Сербия, Дания, Румыния, Венгрия, Австрия, Ирландия, Швейцария, Эстония, Израиль, Болгария, Сан-Марино, Литва, Хорватия, Норвегия және Беларусь елдерінің қатысушылары бақ таластыратын болады.

Олардың ішінде қазаққа жиен болып келетін Болгария елінің намысын қорғаушы Кристиан Костов та бар.

Бала күнінен ән салатын, түрлі байқаудың жеңімпазы болып үлгерген Кристиан Қазақпаратқа берген сұқбатында өзінің шешесі, нағашылары қазақ екенін растаған. Нағашы жұрты Алматынікі көрінеді. Өзіне әншілік қабілет те нағашы атасы Сайфолладан берілген секілді дейді. Кристиан қазақтың ұлттық фольклорына қатты қызығады екен. Сондықтан ол қазақтың бесік жырын джаз стилінде орындауды ойына алып жүргенін айтады.

“Себебі бұл әндердің әуенінде қазақ халқының мыңжылдық тарихы жатыр. Ал жаңаша бағытта бұл әуендер миллиондаған жандардың жүрегіне жол табады деп сенемін”, – деді ол.

Айта кетелік, «Евровидение-2017» 62-інші Халықаралық ән байқауының ашылуы 7 мамыр күні Киевтегі “Парковый” көрме орталығында өтті. Байқаудың финалы 13-мамырға белгіленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз