Оңтүстік Қазақстан облысында шешесі аяусыз ұрып-соққан 7 жасар бала мүгедек болып қалуы мүмкін.
Бұл туралы дәрігерлер айтты, – деп хабарлайды “Отырар” телеарнасы.
Еске сала кетелік, 1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын сабап тастаған. Есінен танып қалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін қарағаннан кейін оған соққы жасалғанын анықтаған. Дәрігерлер полицияны шақыртқан. Тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” бабы бойынша соталды тергеу бастады.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның қорытындысы бойынша шешесіне қатысты шара қолданылады. Тергеушілер әйелдің қамауға алынуы, жазаның өте қатаң бапқа ауысуы мүмкін екенін айтып отыр.
Дәрігерлердің айтуынша,
баланың бассүйегіне зақым келіп, ми ісігі пайда болған және мойны мен беті күйген.