Танымал әнші Саят Медеуов өнер жолының тең ортасына келгенде тыңдармандарына алғашқы бейнебаянын ұсынды.
«Әке» деп аталатын жаңа клиптің үзіндісін әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Саят Медеуов осы күнге дейін бір де бір бейнеклип түсіріп көрмеген. Сондықтан желідегі қауым әрі әріптестері оның бұл туындысын тағатсыздана күтіп, жақсы қабыл алды.
«Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерi мен бiлiмi – баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. «Әке» атты туындысын қабыл алыңыздар!» – деп жазды Саят Медеуов өз парақшасында.
Бейнебаян әке туралы. Совет заманы. Ауылдағы күйбең тіршілік. Трактор…
https://kaz.365info.kz/sayat-medeuov-yzymny-to-al-boluyna-arsy-emespin-230119
Видеода әкесі баласының басын екі қолымен қысып, жоғарыға көтеретін жері бар. Кейбір желі қолданушылары осыны түсінбей, бұл баланы қорлау деп сөкті. Ал білетіндер, баланың мойны ұзын болсын деп қазақтар осылай созып қоятынын жазып жатыр.