Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Басы істей ме?..”. Оқулықта өздерін кемсіткен әңгімені көрген семейліктер бұлқан-талқан (фото)

344

Кітаптағы бұл әңгіме Instagram желісіндегі парақшасына жарияланып, ел талқысына түскен. Әңгімеде түріне, түсіне қарамастан бүкіл әлем жұртшылығы тең деген идея айтылады.

https://kaz.365info.kz/ninety-one-madina-barin-mojyndady-330927

Алайда кітап авторы, бұл тұста, Семей тұрғындарына айырықша назар аударыпты. Оның пікірінше, семейліктер үшін қара нәсілді адамды көру ғажайыппен тең.

«Жақында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Есімі – Майкл. Оның ата-анасы біздің елге жұмыс бабымен көшіп келіпті. Онда тұрған не бар дерсіз, алайда олай емес. Ол – африкалық Ресей азаматы.

https://kaz.365info.kz/zanga-bagynbajsyn-ba-ajgyl-orynbek-makhtaraldagy-khyzdardyn-oramalyn-sheship-tastady-video-330609

Қазақстан үшін біртүрлі естілетін шығар, ал Семей қаласы үшін бұл – Жалын құс көргендей”, – деп жазған оқулық авторы А. Қарабұтова (кітап авторының жазу стилі сол күйінде берілді).

 

View this post on Instagram

🙄🙄🙄 #go_semey

A post shared by СМИ 🇰🇿🐪|16 (@go_semey) on

Әңгімеде сынып оқушылары балаға саусағын шошайтып, оған таң қала қарағаны айтылған. Бірақ Нұрай есімді мейірімді оқушы Майклді өзінің жанына отырғызып, әлемдегі барлық адамдар тең екенін айтқан.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-yyalsanshy-zhelide-bireu-bespaevty-zherge-kharatty-330527

Бұл әңгімені оқыған семейліктер наразылығын жеткізіп, түрлі пікірлерін аямады.

«Біз соншалықты жабайымыз ба? Қара нәсілділерді бүкіл әлем көріпті де, біз үңгірде тұрады екенбіз ғой. Мен жаңа ғана не оқыдым?”, “Кітап авторын семейліктер кезінде ренжітіп алған ғой деймін”, “Бұл не деген сорақылық, біздің қаламыздың тұрғындарын ренжітуге кім рұқсат берді. Кешірім сұрауды талап етемін”, “Сотқа беру керек”, – деп жазды наразы болған тұрғындар.

 

Айта кету керек, бұл әңгіме кітаптың қазақтілді нұсқасында да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз