Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Бастары істей ме?”. 2-сынып оқушысына арналған есеп ата-аналардың ашуын туғызды

354

53-41 десек, баланың жасы 12-де болып шыға келеді. Ал 53+12 десек, атаның жасы 65-те екен. Осы араға келгенде ата-аналардың басы қата бастаған. Өйткені атасы мұндайда 12 жаста балалы болып шығады.

Демек, 2-сынып оқушысына 12 жаста баланы дүниеге әкелуге болады деген ой жанама түрде келтіріліп отыр. Бұл сұмдық емес пе?..

Бұл сурет берілген кітаптың басқы бетінде Атырау қаласындағы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының мөрі тұр.

Әлеуметтік желіні қолданушылар 12 жаста ер адамның қалай балалы болғанына дейін түсіндіруге тырысыпты.

Бірі: “Мүмкін атасы кезінде ағасынан қалған баланы бауырына басып алған шығар, қазақтарда ондай салт бар” десе, тағы бірі: “Қазақтарда бұрын неке жасы 13 деп есептелген” дейді, ал тағы бірі: “Әкесі 12-де болса, сонда шешесі қаншада болған” деп бас қатырады.

2 жыл бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі “Қатесіз оқулық” деген акция жариялап, “Оқулық” сайтын ашқан болатын. Тілшілер, өкінішке қарай, бұл сайт қазір жұмыс істемей тұр дейді. Мүмкін онда түскен арыздарға жауап беруден құзырлы органдар шаршап кетті ме екен, қалай?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз