Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Баспана қымбаттайды: 7-20-25 бағдарламасы нарыққа қалай әсер етеді

Қыруар қаржымен қоса арманыңды да көкке ұшырудың қаупі жоғары. Нарықта күмәнді компаниялар қаншалықты тез пайда болса, соншалықты тез жабылып жатыр. Мәселен, өткен айда ғана нарықта мыңға жуық фирма жабылды. Ал үлескерлерді тартуға небәрі 85 құрылыс мекемесінің заңды құқығы бар. Олармен жұмыс істейтін болсаңыз, бірнеше жылдан кейін берілетін пәтерге ие болуға болады. Сол кезде жақсы пәтерді жарты бағасына алуға мүмкіндік бар.

Мәселен, бүгінде 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер орташа есеппен алғанда 19,5 миллион теңге тұрса, тек 2020 жылы пайдалануға берілетін дәл осындай шаршы метрлі үйді небәрі 8 миллион теңгеге алуға болады. Яғни 40 пайызға арзан. Алайда қазақстандықтар ауаға ақша салудан қорқады. Жалпы дайын баспананы алуға асық тұрған халық та көп емес.

“Қазір жылжымайтын мүлік нарығы бір орында тұр. Бүгінде оны екі категорияға бөлуге болады – ол элиталы және қолжетімді баспана. Қазір элиталы баспанаға сұраныс жоқ. Көбінесе ондай үй иелері оны сатып, шетелге кетуді қалайды. Ал сатып алу мүмкіндігіне орта тап ие”, – дейді риелторлық компанияның жетекшісі Айкүн Тәжімбетова.

Қазақстанда ең арзан баспана – Тараз қаласында. Ал көршілес Шымкентте одан 2,5 есеге қымбат. Ол жақтағы баспана құны елорданікімен бірдей. Астанада бір шаршы метр 332 мың теңге тұрады. Бұдан кейінгі орында Алматы қаласы тұр. Ал алдыңғы үштікке мұнайшылар қаласы кірді.

Алайда ескере кететін бір жайт, бұл сандар жақын арада күрт өзгеруі мүмкін.

“Баға көтерілуі мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, 7-20-25 бағдарламасы жарияланды. Саудагерлер не істейді? Олар: “Жақсы, нарыққа жаңартылған баға енеді”, – деп отыр. Бір триллион теңге. Бұл ақша – дағдарыс кезеңінде барлық банктерге берілген ипотека ақшасы. Айналдырған 4-5 жылдың ішінде бағаның қалай өскенін көрдіңіздер. Мұны нарық жақсы қабылдайды. Тиісінше, баға көтерілуі тиіс”, – дейді сарапшы Ботагөз Жұманова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз