Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
1
USD
461
0.00
EUR
502
0.00
RUB
5.11
0.00

Бас санитарлық дәрігер Есіктегі қайғылы жағдай туралы: “Гамбургерден қайтыс болуы мүмкін емес”

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tenginews.kz.

“Біз алдын ала тергеу жұмыстарын жүргіздік. Көшеден сатып алынған гамбургерді зерттедік. Ол гамбургердің қайда сатылғанын, сол павильонның иелерін және нақты осы өнімді шығарған адамды анықтадық. Бірақ бұл жерде баланың басқа да аурулары болғаны анықталды”, – деді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінен кейін.

Оның айтуынша, бала ауруханаға түскен кезде оның организмнінен жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштар табылмаған.

“Бірақ гамбургерде шартты-патогенді флора мен ішек таяқшасы анықталды, дегенмен олардың құрамында адам денсаулығына қауіпті ештеңе жоқ. Ол гамбургерлерде әдеттегі ішек таяқшасы мен алтын түстес стафилококк болған. Сот-медициналық сараптамадан кейін зертханалық зерттеулердің қорытындысы ескеріліп, қорытынды жасалады”, – деді Бекшин.

Еске сала кетейік, 26 қазанда Есік қаласында 14 жастағы бала Еңбекшіқазақ аудандық Орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен бала 28 қазанда қайтыс болған еді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз