Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бас прокурор Ақтөбе оқушыларына экстремизм, терроризм деген бәледен аулақ болыңдар деді

Экстремистер әлсіз, санасы қалыптаспаған, көнгіш, сенгіш жастарды өздеріне тартып жатыр. Ақша беріп, сеніміне кіріп жатқан жағдайлар аз емес. Оның арғы жағы белгілі. Саналарын әбден улап, қолдарына қару ұстатып, қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні тек сырттан бақылап, аңқау жастарды өлімге жұмсайды. Қолжаулық ретінде пайдаланады.

Сондықтан тағы да айтайын, келешегім жарқын болсын десеңдер, бойларыңды экстремизм, терроризм деген бәледен аулақ ұстаңдар. Өмір көрген, жасы үлкен, жаны ашитын ағаларың ретінде айтамын.

Түбінде бұл проблема шешіледі. Бүкіл әлем оларға қарсы шығып, бұл қауіп тамырымен құриды. Бірақ, сол екі ортада талай адам құрбан болуы мүмкін. Қателеспейтін адам болмайды. Жас адам максимализмге ұрыншақ.

Сондықтан біз бұның алдын алайық, халыққа түсіндірейік, жастарға дұрыс бағыт берейік деп алдарыңызға келіп отырмыз», – деді ҚР Бас прокуроры.

Еске сала кетелік, биыл 5-маусымда Ақтөбеде лаңкестер Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесі мен қару-жарақ дүкендеріне  шабуыл жасады. Атыс барысында жеті адам қаза тауып, 11 адам жараланды.  Қалада лаңкестікке қарсы төтенше режим жарияланды. Одан кейін еліміздің барлық аумағында лаңкестік қауіптің үш деңгейі енгізілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз