Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бас прокуратура жауапсыз әкелерге алимент төлетудің 30 шарасын бекітті

Осы жоба негізінде Қазақстанда ортақ қамқорлық институтын енгізу ұсынылып отыр.

Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, алимент төлегісі келмеу себептерінің бірі борышкерлердің өз балаларымен араласу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар әкелер мен балалардың қарым-қатынасы қаншалықты тығыз болса, алимент төлемеу жағдайларының соншалықты сирек болатыны дәлелденген.

– Ортақ қамқорлықтың мәні – ажырасқаннан кейін баланың ата-анасымен қарым-қатынасын сақтау. Бала қайда оқиды, қайда оқуға түседі, оқуына ақшаны кім және қалай төлейді – осының барлығы жұбайлар арасында талқыланады және келісіледі. Әрине, шектеулер де бар. Ажырасу маскүнемдік, нашақорлық немесе отбасындағы зорлық-зомбылық себебінен болған кезде ортақ қамқорлық мүмкін емес, – дейді Жақып Асанов.

Сондай-ақ, неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тарту ұсынылды.

Елімізде 5 милионнан астам бала бар. Бұл халықтың үштен бір бөлігі. Балалар үйінде 32 мың жетім бала бар, олардың 70%-ның ата-аналары бар. 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Бүгінгі күні алименттер бойынша қарыз 2 млрд теңгеге жуықтап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз