Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бас прокуратура Талғат Ермегияевтің түрмедегі “VIP-камерада” жазасын өтеуіне қатысты түсінік берді

Сонымен қатар, ол аталған жағдайға қатысты тиісті тексерістер жүргізіліп, түзеу мекемесіндегі қызметкерлер жазаға тартылғанын атап өтті.

«Қызметкерлер жұмыстан шығарылды. Тексеріс жұмыстары жүргізілді. 16 азамат жазаланды», – деді Қайрат Жақыпбаев.

Осы орайда басшы аталған жағдайдан кейін еліміздегі барлық түрме тексерілгенін мəлімдеді.

«Осыдан кейін ҚР Бас прокуроры бүкіл Қазақстан бойынша тексеріс жүргізу туралы нұсқау берді. Қаңтар айында барлық түрмені тексердік. Сол кезде тағы да заң бұзушылықтар анықталды. Біреуден телефон, кілем, тұрмыстық техника тәркіленді. Осылайша 26 адам жазаланды. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз, кезең-кезеңмен тексеріп тұрамыз», – деп түйіндеді сөзін Қайрат Жақыпбаев.

Бұған дейін «ЭКСПО» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевке жазасын өтеу кезінде жақсы жағдай жасап бергені үшін ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің басшысы Н.С.Әбен және оның орыбасары Т.О.Мұсаев ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын ІІМ хабарлаған болатын.

Айта кетейік, 2016 жылы маусымда Талғат Ермегияевқа қатысты сот үкімі шығып, ол 14 жылға бас бостандығынын айырылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз