Прокурорлар биыл бейнебақылау арқылы мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады.
«Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейтті. Прокурорлар ағымдағы жылы халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады», – деп Берік Асылов Х парақшасында жазды.