Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бас муфти көңіл айтқан діни қайраткердің жаназасына 10 мың адам қатысты (видео)

Бұл туралы ҚМБД баспасөз қызметі хабарлады.

«Еліміздің діни саласында үлкен қайғылы оқиға орын алды. Асыл дініміздің өркендеу жолында талай жыл табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбилеген бауырымыз, танымал теолог Әбсаттар Шәкірұлы дүние салды. Марқұмның отбасына, ағайын-жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы, Ғұламалар кеңесі атынан көңіл айтамын. Смановтың жазған еңбектері мен діни-ағарту саласына қосқан үлкен үлесі еліміздің дін қызметкерлері үшін әрқашан үлгі болмақ. Марқұмның жаны жәннатта болғай! Алла алдынан жарылқап, мейрімі мен рахымына бөлегей! Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ бүгін желіде діни ұстазды шығарып салған сәтті түсірген видео жарияланды. Онда көшенің басынан аяғына дейін ығы-жығы, құжынаған халық ұстазды ақтық сапарға шығарып салып, соңғы рет қоштасып қалуға тырысып, оған қол созып жатыр.

„Бұндай жаназа көрген емеспін. Фаниға кеткен жан, нендей бақытты жан„ деп жазады әлеуметтік желіні қолданушы Ербол Әубәкіров.

https://www.youtube.com/watch?v=Jb_2SoetzqI&feature=youtu.be

Сманов Әбсаттар Шәкірұлы 1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстандағы имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен бітірді. 1995-2002 жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды. 2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі. Осыған дейін «Сарыағаш» медресесін басқарды. 2008-2010 жылдары Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз