Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Барлық сүйегі сынған…”. 7 жасар баланы қағып өлтірген жүргізуші еркіндікте жүр

7 жасар Бағдәулет әжесімен қыдырып жүріп аяқ астынан жолға жүгіріп шыққан. Осы кезде оны көлік қағып кетіпті.

«28 қараша күні істу жауып тастады. Бізге бірде-бір сараптаманың нәтижесін көрсеткен жоқ. Бала емес, құс өліп қалған сияқты. Олар ұлымды жауап алуға шақырғанын айтуда. Алайда біз ештеңе білген жоқпыз», – дейді әжесі Нағашкүл Далбаева.

Бұл видеода, туыстарының сөзінше, апат болған сәт түсіп қалған. Жүйткіп келе жатқан көлікті көрген бала шегіне алмай қалыпты. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірақ артынан көз жұмыпты. 31 жастағы жүргізуші бұл уақытта Бағдәулеттің отбасымен хабарласуға тырысқан. Алайда біраз уақыттан кейін хабарсыз кеткен.

«Оның барлық сүйегі сынған. Тірі қалуға мүмкіндігі де жоқ. Ата-анасына хабарламай, істі жауып тастады. Сараптаманың, сот-медициналық сараптаманың фотосуреттерін көрсеткен жоқ. Бұл адамның өмірі ғой. Оның сұрауы болуы тиіс», – дейді апасы Мөлдір Торғай.

Ал полиция баланың туыстарының сөзін жоққа шығарды. Олар баланың әкесін жауап алуға шақырғанын айтуда. Ал сараптама нәтижелері жүргізушінің жазықсыз екенін дәлелдегеннен кейін, істі жапқан көрінеді. Айтуларынша, жүргізуші апаттың алдын ала алу мүмкіндігі болмаған. Тергеушілердің болжамынша, бала жолдың жаяу жүргінші өтуге болмайтын тұсынан кесіп өтпек болған.

«Аталған ЖКО фактісі бойынша сараптама нәтижесі көрсеткендей, біздің анықтаушымыз қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалды шешім қабылдады. Себебі жүргізуішіге қатысты қылмыстық құрамы жоқ», – дейді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазіргі уақытта прокурорлар бұл шешімінің қаншалықты заңды түрде қабылданғанын тексеріп жатыр. Олар аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын қалпына келтіру үшін, Бас прокуратураға арызданыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз