Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Шымкентте Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын жүгінді.
Ол намаз оқып жатқанда қуаттағышқа қосылған смартфоны ұрланғанын айтты.
Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер күдіктіні тапты. Ол 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, кінәлі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.