Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бәріне өзі кінәлі”. ҚР Бас прокуратурасы Мұратхан Тоқмәдидің жарына жауап қатты

Жәмила Аимбетова жұбайы Мұратхан Тоқмәдиге Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының тарапынан азаптау көрсетілді деген бейнешағымы жарияланды.

Аталған деректерді тексеру мақсатында Бас прокуратура жедел түрде тиісті шаралар қабылдады”, — делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Ведомствода атап өткендей, 2017 жылдың 31-шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаментіне Тергеу изоляторынан прокуратураға Тоқмәди таңертеңгі серуен барысында (серуендеу алаңында) турниктен құлағаны жайлы хабарлама түскен.

“Күдіктінің адвокаттарының қатысуымен сот-медициналық және химия-токсикологиялық сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде ағзада химиялық заттар табылған жоқ.

Денесіндегі жарақаттар жоғарыда көрсетілген жағдайда пайда болғанын көрсетті. Мұратхан Тоқмәдидің турниктен құлау фактісі іс материалдарына қоса тіркелген бейнебақылау камераларының жазбасымен де дәлелденді. Оның үстіне Мұратхан Тоқмәдидің өзі де, басқа да тергеу изоляторында қамалғандар да дене жарақатының алыну жолын растады”, — деп атап өтті қадағалау органында.

Процессуалды прокурор күдіктімен әңгімелесу барысында күдіктінің тарапынан ҰҚК-нің қызметкерлері үстіне қандай да бір шағым айтылған жоқ.

Осыған орай, Жәмила Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымында көрсетілген деректер өз дәлелін таппаған соң, прокуратура осы факті бойынша тексеру амалдары аяқталды.

Өз тарапынан

ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арыз иесіне күдіктінің өз еркімен турникте жаттығу жасау кезінде құлап, дене жарақатын алған фактіні растайтын видеожазбаны көрсетуге дайын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз