Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бәрі рейтинг үшін”. Медеу Арынбаев қазіргі шоу-бизнеске көңілі толмайтынын айтты

289

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ұмыт болып бара жатқан, эстрада әуенінен былай тұрсын, басқа елдің бағыты басып бара жатқан кезде домбырамыздың, қобызымыздың, сыбызғымыздың үндерін неге жаңғыртпасқа? Неге үлкен ауқымды етіп өткібеске?” – дейді Арынбаев.

Медеу Арынбаев сахнада өзін жайсыз сезініп әнін үзуге тура келген

Атақты әншінің айтуынша, ән байқаулар мен шоу-байқаулардың арасы жер мен көктей екен. Сөз арасында телевизиялық жобаларда төрешілік етуден бас тартуының себебін де түсіндірді.

“Бүгінгі болып жатқан теледидарда көрсетіліп жатқан шоу-бағдарламалардың жөні бөлек. Бастамасын әділ-қазылар бағыт-бағасын бере отыра, қайткенде де тыңдарман, көрерменнің талғамына қарай, СМС-іне қарай, жіберген бағасына қарай алып кетіп жатады

. Халықты бері қарату – сол телеарнаның деңгейін, беделін, рейтингін көтеру мәселесін..

Тыңдарманның талғамы мен ел алақанына салып жүрген кәсіби, әділ-қазылар мүшелерінің деңгейімен салыстыра алмаймын”, – дейді Арынбаев.

«Білдірмеуге тырысам…». Әнші Тоқтар Серіков неден қорқып жүргенін айтты

Бұдан бөлек АБК тобының экс-әншісі жас кезіндегі өнер додаларын сағынышпен еске алды. Талай сынақтардан сүрініп, үздіктер қатарына зорға іліккен екен. Бәрінен бұрын мықтымын деген талай жас таланттардың киелі сахнадан көрінбей кеткені көз алдымда дейді.

“Түркі елінде бағымызды сынап қайтқан, бір жерде осалдық жіберген жағдайлар болды, бір жерде мысы басып, өзіне сенімсіздік танытып жатқан кездер болды. Ол оңай нәрсе емес. Мені баса озып, баса озып, жүлдегер атанып кеткен әншілердің өзі сахналардан жоғалып кеткен жағдайлар болмады емес, болды. Сүріне жығылсаң да, аяққа тұру үшін мінез, арқа, жігер керек”, – дейді Медеу Арынбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз