Ақ үйдің ресми фотографы Пит Соуза Барак Обаманың Вашингтондағы президент резиденциясында түскен суреттерімен бөліскен екен.
Ал біз, өз кезегімізде, Барак Обаманың күнделікті өмірде қандай екенін білгісі келетін оқырмандарымыздың назарына АҚШ президентінің сирек суреттерін ұсынамыз.
Суреттегі АҚШ президенті, әдеттегі біз білетін салмақты Барак Обамаға ұқсамайды. Голливуд кинолары көп көрсететін Ақ үй де соншалықты сұсты емес.
Барак Обаманың әкімшілігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің бала-шағасы Ақ үйдің дәлізі, Обаманың кабинетінде асыр салып жүр. Бұл арадан Обаманың сүйікті итіне де орын табылған сияқты.
Президент деген аты болса да, Обама Ақ үйдің еден жуушысымен жұдырық түйістіріп амандасады екен.
Аталған суреттер АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде жарияланды.
Бұдан өзге де қызықты суреттерді Ақ үйдің Фейсбуктегі ресми парақшасында тамашалай аласыздар.
Айта кетсек, Барак Обама Америка президенті орынтағына 2008 жылы отырды. 2012 жылы қайта сайланды. Биыл Обама президен қызметіндегі өкілеттігі аяқталады. Қараша айында АҚШ-та президент сайлауы өтеді.