Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бар үмітім министрлікте…”. Кореяда істі болған шымкенттік жігіттің әкесі әділдік іздеп жүр

Жығылғанға жұдырық болды деген жігіттің әкесі баласының Оңтүстік Кореяға аттануына анасының қатерлі дерті себеп болған екен. Обыр дертіне шалдыққан анасына ота жасату үшін қысқа мерзімде көп ақша табудың жолын жігіт шетел асу арқылы шешпек болыпты. Бірақ Аманат шетелде жүріп келеңсіз жағдайға тап болған. Оған қыз зорлады деген айып тағылды.

«Оңтүстік Корея елінің азаматшасы ұлым Аманаттың үстінен зорлады деп полицияға арызданған. Мен баламның бұл қылмысты жасамағанына толық сенімдімін. Өйткені ол мұндай қылмысқа бармайды. Оның жазықсыз қамалғанын жанындағы жолдастары да айтып отыр. Бірақ айтайын десе кәріс тілін білмейді. Болмаған соң елшілікке де хат жазып, көмек сұрадық. Ол жақтағылар заңсыз жұмысқа барғандарға көмектесе алмаймыз, тек бақылауда ұстаймыз деп қысқа жауап берді», – дейді Қайсар Шерім.

Белгілі болғандай, Аманат Жұмаш Оңтүстік Кореяда әртүрлі жұмыс істеген. Оны полиция қамап қойғаны жөнінде сол елде жүрген жолдастары хабарлапты.

«Баламның жанындағы да жұмысқа заңсыз түрде барған. Сондықтан оларды да куәгер ретінде қабылдамауда. Әйтпесе олар болған жағдайды айтып, куәгер болуға дайынбыз деп отыр. Оның үстіне бәрінің де кәріс тілін білмейтіні бар. Мен еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраймын. Осы іске араласса, істің ақ-қарасын анықтауға көмектессе екен. Қазір біз сол жаққа баруға жолға ақша жинап жатырмыз. Оның өзіне бір миллион теңгеден көп қаражат кетеді»,- дейді Амант Жұмаштың әкесі.

Қайсар Шерімнің айтуынша, сот бір айдан астам уақыттан кейін болады. Егер Аманатты осы қылмыс бойынша айыпты деп тапса, 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз