Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бар болғанына кінәлі: Қастеев мұражайы жанжалдың ортасында қалды

2018 жылы Алматыдағы ең көне және әйгілі мұражайлардың бірінен небәрі 38 метр (тиесілі 44 метрдің орнына) жерде Central Esentai Residence тұрғын үй кешені бой көтерді. Мұражайдың залдары мен қоймаларын салқындату жүйесінің шуылы ғимараттың тұрғындарына бірден кедергі жасай бастаған.

“Кастеевка” 1976 жылы салынды, салқындату және кондиционерлеу жүйесі сол кезде жүргізілді. Сыртқы салқындату жабдықтары 2008 жылы орнатылды. Енді музей шуылы бойынша «гигиеналық нормаларды» бұзады екен, нәтижесінде 670 мың теңге айыппұл салынып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын салқындату жүйесін ауыстыру талап етілген.

Құрылыс нормаларының бұзылуы

Қазақстан Республикасының құрметті бағалаушысы Александр Калинин айыппұлды орынсыз және масқаралық деп санайды.

Осылайша, билік құрылысқа өзі рұқсат беріп, өздерінің “қателіктерін”жабуға тырысады. Енді кінәліні табуға бел буған

– Мен құрылыс жүргізуші тарапынан болған олқылықты көріп отырмын. Құрылыс компаниясының өрескел  әрекеті! Үй республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткішті қорғау аймағында тұрғызылған.

Қазіргі құрылысшылар тағы бір жаңа ғимарат салу және одан керемет пайда табу үшін бәріне дайын

Шын мәнінде, бұл “құрылыс мафиясы”.

Мұражай мен тұрғын үй кешені картада

Оларда талаптардың бұзылуы көп орын алады.

Жақын жерден өзен ағып өтеді, бұл аумақтың топырағы, оны рекреациялық аймаққа жатқызатын жылжымалы және құрылыс үшін жарамсыз. Бұл жерде құрылыс салуға тыйым салынған

Әкімдік бұл жерге көп қабатты үйлер тұрғызуға қалайша рұқсат берді? Құрылыс салушы санэпидемстанцияға жүгініп, шуыл бар-жоқтығын зерттеулерден өткізуі тиіс болатын. Бұл жағдайда “Кастеевка” не үшін кінәлі болғанын  түсінбеймін? Мұражай осы кезге дейін қалай жұмыс істесе, жұмысын солай жалғастыра береді.

Адамдарға не істеуге болады?

 – Иә, жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған адамдардың жолы болмады, – деп сөзін жалғастырды сарапшы. – Олар да құрылыс салушының үстінен сотқа арыз беруге құқылы. Бірақ Қастеев музейіне емес! Қазір оған айыппұл салынғаны ештеңені өзгертпейді. Одан тынышталмайды.

 Өз кезегінде, құрылыс салушы құрылысқа билік рұқсат бергенін айтуы мүмкін!

Неге тікелей нормаларды бұза отырып, рұқсат берілгенін анықтау керек, – деп атап өтті ол.

Калининнің айтуынша, ол өзі Қастеев музейінің жанында тұрады. Оның үйі сәл әрірек, сондықтан ауа баптау жүйесінің шуылы оларға естілмейді.

Александр Николаевич Калинин

Спорт клубының орнына тұрғын үй кешені

– Жалпы, қазір  Central Esentai Residence тұрған жерлерде Ұлттық Банктің көлік тұрағы, сондай-ақ Валерий Тихоненконың баскетбол клубы салынуы тиіс еді. Нәтижесінде көлік тұрағының құрылысы аяқталып келеді, ал

спорт кешеніне арналған жер ТК құрылысына сатылып кеткен

Қастеев музейіне келетін болсақ, оның ерекше Мемлекеттік нысан екенін ескерсек, онда өнер объектілерін сақтау технологиясы бойынша ерекше температура сақталуы тиіс. Әрине, онда барлық тиісті инфрақұрылым бар.

Жаңа үнсіз сорғыштарды, сүзгілерді және әсіресе тоңазытқыштарды орнату бюджеттен ақылға сыймайтын ақша бөлуді талап етеді

Айтпақшы, жабдық үнемі жұмыс істемеп тұрмайды. Әдетте, мұражай бөлмелеріне қажетті температура қалыптастыру үшін таңертең шамамен 2-3 сағатқа қосылады. Әсіресе өте қымбат тұратын әлемдік деңгейдегі суреттер қойылған қоймаларға қосылады.

Мемлекеттік мұражайдың ұстанымын толық қолдаймын. Жаңа директор — Гүлмира Шалабаеваның келуімен мұражайдың жұмыс жүйесі жақсы жаққа өзгерді. Мен олармен үнемі бірлесіп жұмыс жасаймын және дәл қазір керемет жұмыс істейтін команда қалыптасқанын көргеніме өте қуаныштымын.

Мен олармен жүйелі түрде жұмыс істеймін және қазір керемет жұмыс жасайтын топтың болғанына қуаныштымын. Тіпті пандемияға қарамастан және мынадай жанжалға қарамастан, – деп аяқтады сөзін Александр Калинин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз