Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Бар бәле балабақшадан». Бала бақшаға кеткен бүлдіршін жансақтау бөліміне түскен

Ата-ана бүлдіршінге тәрбиеші қол жұмсады десе, бала бақшадағылар өздеріне шаң жуытар емес.

Үш жасар Земфира бір аптадан бері ауруханада жатыр. Бас сүйегі шытынаған, миы шайқалған. Жазықсыз бүлдіршіннің кімнен зәбір көргені белгісіз. Дәрігерлер де жағдайының мәз еместігін айтады.

– Келген кездегі баланың жағдайы ауыр болды. Бала реанимация бөліміне жатқызылды. Сол жерде емін алды. 59:03 Миының соғылуы бар. Жарақаттан кейін, басына қан құйылу белгілері жоқ. Мидың соғылуы ғана. Ол емделеді, – дейді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.

“Балабақшаға өз қолыммен аман-есен апарып тастадым” деген әке бар кінәні тәрбиешіге жауып отыр. Баласынан бұған дейін күдікті қылық байқамаған ол, нақ тәрбиешінің ұрып-соққанына сенімді. Өйткені, апайы 7 қыз баланы жинап алып, 5 минутқа әжетқанаға кіргізіп алады. Сол жерде қол жұмсаған дейді әкесі.

Исмайл Иминов, Земфираның әкесі:

 – Әжетханаға дейін балам ешқандай ауру белгісін білдірген емес. Содан шыққаннан кейін, шамамен, бір сағат өткенде, қайта-қайта басын ұстап, ауырсына береді. Тәрбиеші де дереу қоңырау шалмай, өз бетінше емдемек болыпты.

Балабақшаның бейнебақылау камерасында тәрбиеші тарапынан ерсі қылық байқалмайды. Барлығы осы бір бөлменің ішінде болған. Бірақ, дәретханаға кіріп-шыққан кішкентай қыздың жан қиналысы көрінбейді. Одан соң ойнап, сабағына қатысып жүре береді. Тек екі сағаттан кейін жағдайы нашарлап, ақыры, ата-анасына хабарлауына тура келіпті.

Балабақша меңгерушісі Зағипа Өмірсерікова тәрбиешінің өз қарауындағы бүлдіршіндерге қол жұмсауы мүмкін еместігін айтады.

 – Бірақ енді ата-ананың айтуы бойынша, бір ауыр затпен ұрды деп айтады. Ол кішкентай баланы ауыр затпен қалай ұруға болады. Бала ғой ол. Сонымен мен енді баланы тәрбиеші ұрды деп айта алмаймын. РОВД-ның нәтижесін күтіп отырмын. Ол кісілер бізге айтты, кезінде өзіміз айтамыз деді. Сонымен мен ешқандай әрекет істеп отырған жоқпын. Тек қана күтіп отырмын? – дейді ол.

Болған жағдай бойынша аудандық құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соңғы сөзді солар айтады. Ал әуелде аурухананың жансақтау бөліміне түскен бүлдіршін бүгінде ем-домын қабылдауда.

Қазір кішкентай Земфира травматология бөлімінде жатыр. Беті бері қарады деуге келмейді, жағдайы орта деңгейде. Әкесі бұл істі жәй қалдырмай, облысқа дейін шағымданып, кінәліні қаматтырмай тынбаймын дейді.

Ал бүлдіршін әкесінің ашуы мен балағатына шыдамаған тәрбиеші де Исмайдың үстінен шағымданып қойыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз