Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Банк жүйесі қиындыққа тап болды: халық алған несиесін төлей алмай жүр

702

Қазақстанда төлем мерзімі өтіп кеткен кредиттердің жалпы көлемі маусым айының қорытындысы бойынша 67 млрд теңгеге өсті. Нәтижесінде шілде айының басында мерзімі өткен кредиттердің жалпы сомасы 1 трлн 953,7 млрд теңгені құрады. Маусым айында қатарынан төртінші рет мерзімі өткен төлемдердің өсуі тіркелуде. 1 қаңтарғы жағдаймен салыстыратын болсақ,  жалпы көлемі 148,7 млрд теңгеге немесе 8,2%-ға өсті. Сонымен бірге кредит портфелінің жалпы көлеміндегі мерзімі өткен кредиттердің үлесі де өсуде. Өткен айда 12,52% болса, 1 шілдеде ол 13,03%-ды құрады, ал жыл басында 12,24% болған еді.

Маусым айында республиканың 6 ірі ЕДБ-нің бесеуінде мерзімінде төленбеген несиенің көлемі артты

«Халық банкінде» бұл көрсеткіш жоғары болды — 72,6 млрд теңге. Ол Jysan Bank-ті басып озып, соңғы айларда мерзімі өткен төлемдердің жалпы көлемі бойынша тұрақты көш бастап келеді.

Карантин жыл соңына дейін созылса, оның зардабы қандай болады? — сарапшылар

Алайда маусым айында ЕДБ біраз жақсы нәтижелерге қол жеткізді: көрсеткіш 70,2 млрд теңгеге (411,4 млрд теңгеге дейін) төмендеді. Бірақ мерзімінен кешіктірілген  несиелердің үлесі әлі де жоғары – несие портфелінің жалпы көлемінің 49,88%-ына жақын.

Сонымен қатар:

  • үшінші ай қатарынан «Еуразиялық банкте» мерзімі өткен кредиттер көлемі төмендеуде (-35,5 млрд). Маусым айының қорытындысы бойынша олардың үлесі 4,3 т. т. (13,54% – ға дейін) қысқарды. Ал сәуір айының басында көрсеткіш 23,9% деңгейінде болған еді. Қазір қарыздың жалпы көлемі 88,6 млрд теңгені құрайды– бұл кем дегенде соңғы 4,5 жылдағы ең төменгі нәтиже.
  • Kaspi Bank-те де  осындай жағдай орын алды – несие портфелінің сапасы қатарынан үш ай бойы жақсарып келеді. Мерзімі өткен кредиттердің үлесі 10% – дан (9,23%) төмен болды, бұндай көрсеткіш кем дегенде 2016 жылдың басынан бері болған жоқ.
  • Capital bank Kazakhstan-да мерзімі өткен несиенің көлемі күн санап артып келеді. Маусым айының қорытындысы бойынша  көрсеткіш тағы 0,08 п.т. өсті.  Қазір  ЕДБ берген кредиттердің 99,03%-ының төлемдері қайтарылмайды.
  • Tengri bank-те де жағдай айтарлықтай нашарлап келеді – көлем 6,6 млрд-қа (51,8 млрд-қа дейін), үлес-9,48 п. т. (61,99%-ға дейін) өсті. Жыл басында көрсеткіштер тиісінше 12,1 млрд және 12,15% құрады.

Уақытша тоқтап қалған кредиттер 12,6%-ға артты

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша,  мерзімнен 90 және одан да көп күн кешіктірілген несиелер үлесі (NPL) 1 шілдедегі жағдай бойынша несие портфелінің 9%-ын құрады. Бір ай бұрын 9,43% болды. Алайда, бұл жылдың басындағы көрсеткіштен айтарлықтай көп (8,13%).

Сонымен қатар 2020 жылы NPL көлемі де айтарлықтай өсуде. Жарты жылда ол 150,5 млрд теңгеге (12,6%) ұлғайып, 1 трлн 349,3 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық банктің трансферттері ел ішіндегі БЖЗҚ инвестициялайтын барлық салаға зиян келтірді — экономист

Өткен айда бәрінен де жақсы жұмыс істеген Jysan Bank-тің жұмыс істемейтін несиелерінің көлемі 86,6 млрд теңгеге төмендеді. Рас, бұл жетістікті салыстырмалы деуге болады. Өйткені, бұған дейін үш айдың ішінде ЕДБ NPL-ны (жиынтық – 154,5 млрд) бәрінен жылдам жинады. Жалпы алғанда уақытша тоқтаған займдардың үлесі жоғары – 46,58%. Capital bank (96,79%) және AsiaCredit Bank (50,18)%) қана одан нашар нәтиже көрсетті.

Маусым айында несие беру деңгейі төмендеді

Маусым айында қазақстандық ЕДБ несие қоржынының сапасы ғана емес, оның көлемі де нашарлады. Бір айда ол 75,7 млрд теңгеге (14 трлн 992,5 млрд теңгеге дейін) қысқарды. Алайда жыл басымен салыстырғанда қазір жоғарырақ екенін айту керек. 6 айдың қорытындысы бойынша берілген кредиттердің жалпы көлемі 250,5 млрд теңгеге (1,7%) ұлғайды.

Өткен айда ең ірі он банкке кіретін екі банкте несие портфелі 10%-ға қысқарды

Jysan bank 98,7 млрд теңгеден (10,7%) — 824,7 млрд теңгеге дейін, «Ситибанк Қазақстан» — 16,5 млрд теңгеден (16%) — 86,3 млрд теңгеге дейін жоғалтты. Жалпы алғанда республиканың 27 ЕДБ-нің 14-інде көрсеткіштер төмендеді.

Сонымен қатар

  • «Сбербанктің» несие қоржыны бір айда 22,4 млрд теңгеге ұлғайды, осылайша 1,5 трлн теңгені құрады. Банк алғаш рет осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазіргі уақытта тек бір ЕДБ – «Халық банкі» ғана көбірек (4,5 трлн теңгеден астам) несие  берді.
  • Сондай-ақ, «ЦентрКредит банкі» де өз рекордын орнатты – 1 трлн 173,2 млрд теңге. Маусым айындағы несиелік портфелі республиканың басқа банктерімен салыстырғанда 44,9 млрд-қа артты. Өсім төртінші ай қатарынан жалғасуда.
  • Kassa Nova-да 6 ай бойы несие қоржыны қысқаруда. Маусым айында  988,8 млн теңгені (62,5 млрд-қа дейін) құрады, бұл 2016 жылдың қазанынан бастап тіркелген ең төменгі мән.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз