Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Карантин жыл соңына дейін созылса, оның зардабы қандай болады? — сарапшылар

255

Жақында Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин карантинді 2021 жылдың қаңтарына дейін ұзартуды ұсынды. Оның пікірінше, мемлекеттің бұдан басқа амалы жоқ, себебі елдің «медициналық және қаржылық мүмкіндіктері шексіз емес».

Бұл тек жеке дәрігердің ұсынысы ғана және биліктің осыған ұқсас шешім  қабылдайтыны да анық емес. Алайда, сарапшылар карантинді ұзартудың түрлі теріс жақтары болуы мүмкін, оның салдары пандемиядан да асып кетеді дейді.

Егер тапсырманы орындай алмасақ, әдістерді өзгерту керек

Әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова дәрігердің идеясын сынға алды. Оның айтуынша, егер әлі күнге дейін еш нәтиже болмаса, жаңа оқшаулаудың пайдасы болмайды. Мәселе басқада. Ең алдымен, денсаулық сақтау саласында:

—Билік медициналық жағдайды бақылауға алған кезде ғана ауруды жеңеміз. Бірақ

біз осы жылдар бойы денсаулық сақтау саласында жүргізілген «оңтайландыру» неге алып келгенін көріп отырмыз. Біз көптеген елге теріс үлгі көрсеттік,

— деп санайды Илеуова.

Сондай-ақ сарапшы қазір «тар бейінді мамандардың бастамаларын қарастыруды жөн көреді» деп атап өтті. Яғни эпидемиологтар туралы айтып отыр.

Сонымен қатар

осынша уақытқа созылған карантин шағын бизнеске және тұтынушыларға да тағы бір соққы жасайды

— Шектеу шаралары негізінен көптеген адамның мүддесін қозғайтын тұтыну саласына қатысты. Біреуі жұмысынан айырылса, басқасы кіріс көзін жоғалтты, — деп толықтырды ол.

Ілеуова қазір мәселені басқаша шешу керек деп санайды.

— Ұзақ уақыт бойы денсаулық сақтау саласын жақсартуға тура келеді. Қандай жүйе  керек екенін түсіну керек. Бізде қазір бұндай түсінік жоқ,  вирустың таралуына жол бермеу үшін тек «өрт сөндіру әдістерін» қолданудамыз. Бұл тапсырма наурыз айынан бері шешімін таппай келеді, — деді ол.

Медициналық билік сенімнен айырылды

Әлеуметтанушы белгілі бір уақытта ТЖ мен карантинді жариялау пайдалы болды деп санайды. Дегенмен теріс жақтарының алдын алуға болар еді.

— Салдарын азайту үшін жағдай жасау қажет болды.

Мысалы, кәсіпорындарға маскалар тігу бойынша мемлекеттік тапсырысты үлестіріп, ал оларды халыққа тегін таратсын

Тыйым сала берудің орнына көп нәрсені ойлап табуға болады, — деді сарапшы.

Кейіннен зиянды салдары көбейіп кетті. Бұған ел арасындағы дүрлігу де әсер еткен шығар. Алайда отандық медицина сапасының төмендігінен болған кедергілерді жоққа шығара алмаймыз.

Қазір карантинді жылдың соңына дейін ұзартатын болса, жағдай тіптен нашарлайды. Модульдік ауруханаларды ашу, дәрі-дәрмектерді жеткізу, алыпсатарлар мен сатып алушыларды жазалау секілді жекелеген міндеттерді ғана шеше аламыз. Бірақ олардың орнына жаңа және қауіптірек мәселелер пайда болады. Олардың экономикаға, жалпы денсаулық сақтау саласына да зияны тиеді.

— Жекелеген міндетті шеше отырып, біз басқа бағыттарда тұралап қаламыз. Мұндай шешім халықтың мүддесіне зиян келтіреді, — деді ол.

Ілеуова қоғам шешімдердің қалай қабылданатынын білмейді дейді. Бұл медициналық қоғамдастықтың ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі ме, әлде менеджменттің біреуінің басқарушылық шешімі ме? Түсініксіз…

— Мен медициналық билікке өкілеттік беруден қорқамын. Өйткені сенбеймін, — деді маман.

Ұзақ карантин әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін

Экономист Айдархан Құсайынов профессордың идеясынан еш пайда болмайды. Мұндай шешім экономикаға қалай әсер ететіні барлығына түсінікті дейді.

—Кез келген саладағы жағдай шиеленісіп кетеді. Экономикада соншалықты байқалмауы да мүмкін, бірақ адамдар қиындыққа тап болады. Балалары үйде отырғандықтан, ата-аналар дұрыс жұмыс істей алмайды.

Виртуалды кеңсені осыдан 20 бұрын ойлап тауып, кейін одан бас тартты, себебі «қашықтан» толыққанды жұмыс істеу  — бұл қиялдағы әңгіме ғана

— дейді экономист.

Кіріс көзін жоғалтқандарға 42 500 теңге төлеп тұрған кезде, жағдай аз да болса жақсы еді. Егер жылдың соңына дейін карантинді ұзартатын болса, бұл ақшаны  төлемейтіні анық.

— Тағы жарты жылға ұзарту—бұл нағыз революция жасау, өйткені адамдардың шыдамы таусылады. Жұмыс істеуге рұқсат жоқ, бірақ ешқандай көмек көрсетілмейді. Сонымен қоса барлығына өздерің кінәлісіңдер дейді. Сондықтан

карантинді тағы жарты жылға ұзарту— өз қолымен революция жасаумен бірдей,

— дейді сарапшы.

Құсайынов бірінші карантин өз міндетін орындады, кейінгі тыйым салу шараларынан бірден бас тарту керек еді деп атап өтті.

Сарапшы мәжбүрлі оқшаулау тек экономикаға ғана емес, сондай-ақ адамдар мен жалпы қоғамның денсаулығына да нашар әсер ететінін айтты.

— Карантин— бұл зиянды жағдай. Нәтижесінде басқа аурулар шиеленісті,  бұны министр Цойдың өзі де мойындады

Үйде отыру әлеуметтік шиеленістің артуына себеп болған. Жақында Үкіметте ажырасу мен тұрмыстық қылмыстың артқаны туралы статистиканы жариялады, —дейді Құсайынов.

Сарапшының пікірінше, алғашқы карантиннен кейінгі барлық шектеу шарасы  «психикаға қысым көрсетті».

— Бұл ұжымдық психикаға үлкен соққы болды. Қазіргі симптомсыз пневмонияның өршуінің негізгі себебі психосоматика.

Әрбір арнадан біз ауру мен өлімнің арасында өмір сүрудеміз деген хабарды естіген халық ауырып, өле бастайды,

— деді Құсайынов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз