Британдық балықшылар моторлы қайығын дельфиндердің қоршаған сәті видеоға түсіп қалған.
55 жастағы Эштон Кейдич (Ashton Keiditsch) және 48 жасар Джон Дэвенпорт (John Davenport) Британдық Портсмут қаласының маңында теңіздегі ерекше көріністің куәгерлері болды. Олар қайықтың жылдамдығын төмендеткен кезде олардың соңынан дельфиндер ере бастады.
«Алдымен біз жүзбеқанатты байқап, ол акула болуы мүмкін деп қалжыңдай бастадық, — дейді Кейдич.— Содан кейін тағы бірнешеуін көрдік, олар барлық жағымыздан қоршап алды. Бізбен бірге жүзден астам дельфин жүзді». Оның айтуынша, нәтижесінде балық аулай алмаса да, керемет көріністің куәгері болғанына қуанышты.