Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Баласын сатпақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты

“Екінші сәуірде үйде болған. Бірақ, үйге келсек әлденеге асыққаны байқалады. Теледидар қосулы қалған. Тамағы ішілмеген. Оның қашан Ресейге кеткенін, не үшін мұндай қадамға барғанын білмеймін. О жақтан хабар жеткенде, талып қала жаздадым”, — дейді Юлия Щеглованың анасы Любовь Зайцева.

Юлия Щеглова жүктіліктің 3 айлық кезеңінде күйеуімен ажырасқан екен. Оған қолдау білдіріп, жәрдемдескен жандар Юлия босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтады.

 

 

https://kaz.365info.kz/almatylykh-ajel-maskeude-balasyn-20-myn-dollarga-satpakh-bolgan-309861

“Естігенде есеңгіреп, түнімен ұйықтамай шықтым. Бәріміз бір-бірімізге хабарласып, болған жайттың ақиқаттығына көз жеткіздік. Біз оған сеніп, үміт артқан едік. Ұлына қажетті дәрі-дәрмек, киім-кешек болсын, барлығын оған тапсырғанбыз. Шындығында ештеңеге мұқтаж емес болатын”, — дейді Алматы қаласының тұрғыны Анита Гурман.

Ал, баласын саудалаған безбүйрек келіншектің бұрынғы күйеуі қазір Мәскеуге аттаныпты. Одан жауап алынып, жәбірленуші ретінде танылған. Ал тергеу өкілдері барлық құжаттармен танысқан соң, баланы әкесінің қолына берген.

33 жастағы Юлия Щеглованың әрекетін қаржылық қиыншылықтан деп болжағандар да бар. Бірақ Алматыда тұратын анасы “бізге басындағы ахуалды айтқанда қызымызды кез келген қиындықтан құтқаратын едік” дейді. Қазір қазақстандық азаматшаға адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолына кісен салынған.

 

 

https://kaz.365info.kz/tarazda-10-zhastagy-balany-zorlap-oltirgen-zhasospirim-sottalmajtyn-boldy-311017

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз