Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Балам мас қылатын дәріні ішіп келіп тұрса, не істер едім? – Сәкен Майғазиев

210

Сәкен Майғазиев: Кез-келген ортада, бір әулетте арақ ішетін адам бар. Менің де ішетін ағаларым бар. Мен ғана періштемін, тазамын деп отырған жоқпын. Кез-келген әулетте бар. Сіз де, сіз де қараңызшы. Ешкім ішпейді деп ешкім айта алмайды. Мен қорқамын. Құдай бетін ары қылсын. Дәріханада сатылатын түрлі жаман нәрселерді естіп жүрмін. Ішсе мас қылатындай деңгейге апарады екен дегенді естідім. Трансқа түсіп, басқа әлемге шығып кетеді дегенді естідім. Жағамды ұстадым. Бір күні сөйтіп келіп тұрса, не істер едім? Өз қолыңды өзің шабасың ба? Ұрасың ба, өлтіресің бе?

Ләйлә Сұлтанқызы: Ал енді ондай жағдай болса, не істейсің? Ұрасың ба? Ұрдың ба сен ұлыңды?

Сәкен Майғазиев: Құдай сақтасын, оған жеткізген жоқ. Оның үстіне әкем марқұм мені ұрмаған.Әкемнен көрген тәрбиемді өмірімде қолданып келе жатырмын. Бұл қалыптасқан тәрбие. Ағаларының көзінше арақ ішпейді, темекі шекпейді деген сияқты. Ал енді әлгіндей жағдайдан қорқамын. “Я, раббым, бала бер. Бала берсең, сана бер. Сана бермесең, ала бер” деп тілеген қазақтар. Ең бастысы саналы болсын деп тілейміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз