Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Балалар Жаңа толқыны-2016” ән байқауында Қазақстан 3-орын алды

Финал Қырымда «Артек» халықаралық орталығында 11-13 тамыз аралығында өтті. Байқауға әлемнің 11 елінен (Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Румыния) 8-12 жас аралығындағы 15 бала қатысты.

«Балалар Жаңа толқыны-2016» байқауының әділқазылары: Евгений Крылатов, Лев Лещенко, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев, Филипп Киркоров. Әділқазылар төрағасы – Ресей халық әртісі, продюсер, композитор Игорь Крутой.

Сонымен, балалар байқауында бірінші орынды ресейлік конкурсанттар, яғни 12 жастағы Алексей Забугин және «ЭЙ’ВА» триосы бөлісті. Екінші орын Мальтадан келген 10 жасар Эйла Манжон мен Арменияның 8 жастағы өрені Михаил Григорянға бұйырды.

Мұнымен қоса, жүлделі үшінші орыннан Қазақстаннан барған жас әнші Жанель Садуақас пен 10 жасар ресейлік Мария Мировая көрінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз