Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Балалар суициді: Бас прокурор әр фактіні мұқият бақылауды тапсырды

Құқықтық статистикаға сәйкес, Қазақстанда жыл басынан бері 128 бала өзіне қол жұмсап қайтыс болған және 253 бала суицид жасауға әрекеттенген. Өмірден бас тартуға бел буғандардың басым бөлігі ұлдар (81 бала), қыздар – 47. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсағандардың ішінде жасөспірімдердің басым бөлігі – 105-і толық отбасынан, ал толық емес отбасынан шыққандар – 21, ал екеуі жетім балалар.

Осыған байланысты, ҚР Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл суицид белгісі бар 43 интернет ресурс анықталып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттауға жіберілгенін айтты. Ол адамның неге өзіне қол салғаны тек тергеу барысында анықталатынын атап өтті.

«Суицид жасау мен оған оқталудың 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған. Талдау барысында 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жөспірімдер суицид жасайтыны анықталды», – деді ресми өкіл.

Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады:

  • Балалардың мінез-құлқымен эмоционалды жағдайын қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз. Олармен ашық әңгімелесіңіздер;
  • Олардың неге қызығатынын біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар;
  • Балалардың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аудару маңызды!
  • Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу керек!
  • Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін!
  • Интернетте қауіпсіздік шарасын сақтауды үйретіңіздер. Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі шарт! Балаларға түсіндіру жұмысын жүргізіңіз.
  • Егер олар күдікті дүниеге тап болса, сізден көмек сұрауға қорықпауға тиіс.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз