Қытай ғалымдары балаларға коронавирус жұқса да, ешқандай белгілері көрінбеуі мүмкін немесе өте сирек анықталады деген қорытындыға келді. Яғни олар — инфекцияны таратушылар.
Алайда балалар ұзақ уақыт бойы ауру таратушысы бола алады. Олар сауыққаннан кейін, тамағы мен мұрнынан алынған жағынды COVID-19 вирусының жоқ екенін білдірсе, нәжісінің талдамасы организмде вирустың бар екенін көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, балаларды карантинде ұзағырақ ұстау керек.