Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Балаларға хиджаб пен намаз керек пе? Атырауда бір отбасы дін үшін ажырасып кетті

Талап қоюшы Рүстем талап қою арызында балаларының анасымен 5 жыл заңды некеде болып, дәм-тұздары жараспай ажырасып, казіргі уақытта басқа адаммен жанұя құрғанын, өзінің 4 жастағы ұлы және 2 жастағы қызын сенбі, жексенбі күндері өзіне алып беруді сұраған.

Жауапкер өз кезегінде балаларының әкесімен діни ұстанымы үшін ажырасқанын, жолдасы жұмыс жасауына қарсы болып, балаларына жаңа жыл, туған күн мерекелерін тойлатпай, қызына хиджаб кигізіп, оларға намаз оқуға үйрету ниеті бар екенін, сонымен қатар, үйінде екінші жұбайы жүргендіктен, балалары кішкентай жас шамасында, оны түсінбейтіндігін, сондықтан балаларын қонуға жібере алмайтынын айтып көрсетті.

Төрағалық етуші судья Б.Жұмабаев іс бойынша әке-шеше, ата-әженің тәрбие мен қамқорлықты бірге жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, туындаған дауды баланың заңды мүдделеріне кесел келмейтіндей етіп, өзара бітімгершілікке келу мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дауласушы тараптар азаматтық істі медиациялық келісіммен аяқтады.

Медиациялық келісім балаларды намазға жықпауды міндеттейді.

Нәтижесінде, әкесі мен ата-әжесі балаларын сенбі, жексенбі күндері сағат 09.00-18.00 аралығында үйіне алатын болып, өз кезегінде әкесі балаларын намаз оқуға үйретпеуге міндеттеме алды әрі екі балаға төлеп келген алимент мөлшерін көбейтті.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз