Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бала мен келіні қайтыс болған отбасының тағы бір мүшесі ауруханаға түсті

155

Жасөспірімнің ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«2001 жылы туған бір науқас келіп түсті. Ол ауруханаға менингококк назофарингит күдігімен жатқызылған. Ода менингококкцемия болмағандықтан қатты қорқып отырмыз. Ол ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр. Анализдері тексерілуде», – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Эльвира Ибрагимова.

Сондай-ақ, осы инфекциядан қайтыс болған 27 жастағы Олжас Сүлейменовтың бауыры Ерболат та өзін жайсыз сезініп жүргенін хабарлады.

«Қазір ауруханада жатырмын. Өзім келдім. Себебі, дене қызуым көтерілді», – дейді Ерболат Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетсек, 5 жасар Димаш Ахметов маусымның 1-нен 2-не қараған түні қайтыс болды. 3 маусым күні таңғы сағат 09:00 кезінде баланың туыстары болашақ келіндерінің осы инфекциядан көз жұмғанын білген. 27 жастағы алматылық өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов те 3 маусым күні таңғы уақытта қайтыс болды.

 

Дерек көз: Baq.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз