Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бала өлтірген өзбекстандық күтушіні мәжбүрлі түрде емдейді

2016 жылдың 24 қарашасында Мәскеудің Хорошевский соты Бобокулованы мәжбүрлі емдеуге жолдау туралы үкім шығарды.

Сот мәліметі бойынша, күтуші баланы әуелі тұншықтырып өлтіріп, одан соң басын кесіп алған. Бобокулова баланың ата-анасы жалдаған пәтерді өртеп жіберу арқылы жәбірленуші тарапқа 5 млн 57 мың рубль көлемінде материалдық шығын әкелді. Бобокулова кінәсін мойындады. Ол өзінің бұл әрекетін “Алланың қалауы” деп түсіндірген.

Өзбекстан құқыққорғау органдарының мәліметі бойынша, бала күтуші шизофрениямен ауырады, елінде бірнеше мәрте ем қабылдаған.

2016 жылы 29 ақпанда полиция Мәскеуде өртенген пәтерден басы кесілген төрт жастағы қыздың денесін тапқан. Кейінірек “Октябрьское поле” метро станциясының маңында 38 жастағы Бобокулова ұсталды. Ол кесілген басты қолына ұстап, көшеде “Аллах акбар” деп айқайлап жүрген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз