Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Балқаштағы лаңкестік топтың „әмірі„: Мені дер кезінде тоқтатқан Аллаға алғыс айтамын!

Ол осы лаңкестік топтың әмірі деп жарияланған Ерлан Үсеновтің қорғаушысы екен.

Адвокаттың айтуынша,

Ерлан Үсенов оны арнайы қызмет ұстап алғанына Аллаға мың да бір алғысын айтады, өйткені ол ешнәрсе бүлдіріп үлгермеді, оны дер кезінде тоқтатты.

«Менің қорғауымдағы Ерлан Үсенов қылмысқа қатысушы екенін мойындады. Басынан бастап ол ұсынысқа күдікпен қараған. Ұсталған сәттен бастап тергеумен ынтымақтаса жұмыс істеп, жәрдемдесті. Сондықтан тергеу уақытында процессуалдық келісімге келдік», – деді Нұрпейісов.

Оның айтуынша, қорғалушы процессуалдық келісімнің барлық шарттарын орындаған.

«Ол құпия орында сақталған барлық жарылғыш заттарды көрсетті, айғақты дәлел берді. Тергеуге белсенді көмек көрсетті. Процессуалдық келісімде жазаны жеңілдету шарасын қабылдауды көрсеттік», – деді адвокат.

Оның айтуынша, жасырын орында 11 келі жарылғыш зат болған. Қылмыстық істің басқа егжей-тегжейін адвокат ашпады.

«Бұл қылмыстық істің материалдары, әлі де зерделенеді», – деп атап өтті ол. Адвокат лаңкестік топты құруға не итермелегенін анықтау қажет екенін айтты.

«Біз бұл жағдайға не түрткі болғанын анықтайтынымызға сенемін. Мұндай оқиға Ақтөбеде де, Алматыда да орын алды. Ең бастысы, болған оқиғаға не себеп болғанын анықтау, яғни адамдар неге оған басымен кетіп қалатынын», – деп атап өтті Нұрпейісов.

Еске сала кетелік, биыл 26-маусымда Қарағанды облысының Гүлшат ауылы мен Балқаш қаласында лаңкестік топ құрықталған болатын. Тергеудің айыптауы бойынша, олар осы өңірде орналасқан Ресейдің зымыранға қарсы нысандарын жойып жіберуді мақсат еткен. Қазір осы іс бойынша сотқа 8 адам тартылған. Олар бір-біріне туысқан болып келеді екен. Барлығы да жат діни ағым өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз